14 мамырда 8D082 Мал шаруашылығы даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2025 жылғы 14 мамырда сағат 11:00-де және 15:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D082 Мал шаруашылығы (6D080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы; 8D08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламасы) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Мұканова Ляззат Балғабайқызының «Қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдарын (еділбай х гиссар) шағылыстыру арқылы алынған бірінші ұрпақтың өнімділік және биологиялық қасиеттері» тақырыбында және Сансызбаева Бибігүл Қуатжанқызының «Құйрықты сарыарқа тұқымы (Жаңаарқа тип) жаңа заводтық аталық із қойларының өнімдік және тұқымдық қасиеттері» тақырыбындағы 8D08201/6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы және мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғаулары өтті.
8D082 Мал шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №5, 6 хаттамалары негізінде Мұканова Ляззат Балғабайқызына және Сансызбаева Бибігүл Қуатжанқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.