KazNARU

24 маусымда 8D081 Өсімдік шаруашылығы даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті

2025 жылғы 24 маусымда сағат 11:00-де және 14:30-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 –Агрономия; 6D080900 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 – Агрономия; 8D08103 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы; 8D08113 Өсімдіктер селекциясы білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Ажитаева Лаура Амантайқызының «Оңтүстік Қазақстан жағдайында жүзімнің жаңа сорттары мен гибрид түрлерін өсірудің шаруашылық-биологиялық негіздеу және бағалау» тақырыбында және Абдразаков Ерлан Бекариповичтің «Cуармалы жағдайда майлы зығырды аңыздық дақыл ретінде өсірудің ерекшелігі» тақырыбындағы 8D08103/8D08101 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы/Агрономия білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғаулары өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №5, 6 хаттамалары негізінде Ажитаева Лаура Амантайқызына және Абдразаков Ерлан Бекариповичке а философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.





---------Chatbot---------
виртуальный помощник