KazNARU

25 маусым 8D082 – Мал шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті

2025 жылғы 25 маусым сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D082 – Мал шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Кулбаев Рухан Мадияровичтің «Қазақтың ақбас тұқымы ірі қарасының тұқым ішілік типтерінің шаруашылықтық маңызды белгілері мен биологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы 6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D082 – Мал шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің №9 хаттамасы негізінде Кулбаев Рухан Мадияровичке философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.





---------Chatbot---------
виртуальный помощник