KazNARU

ЖАС ТАЛАПКЕРЛЕР! БІЛІМ КВОТАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗДЕР?

Білім квотасы дегеніміз – азаматтардың белгілі бір санаттарына арналған бюджеттік орындардың бөлінген үлесі. Бұл квотаға құқығы бар талапкерлерге осы орындарға арналған жеке конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Бірден айтып өтсек, квоталар ҰБТ-ға балл қоспайды.

✅ Мысалы, ауыл квотасы 35%-ды құрайды. Яғни, белгілі бір мамандыққа бөлінген гранттың 35%-ы ауыл квотасы бойынша тағайындалады. Егер белгілі бір мамандық бойынша 100 грант бөлінсе, оның 35-і ауыл квотасы бойынша беріледі. Бұл ретте ауыл талапкерлері жалпы конкурс бойынша да түсе алатынын айтып өткен жөн.

✅ Естеріңізге сала кетсек, грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Өткізіп алмаңыздар! Сәттілік!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник