ҚазҰАЗУ

ЭКОНОМИКАНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Ақылбек КҮРІШБАЕВ

ҚР Президентінің жанындағы

Ұлттық ғылым академиясының Президенті

Қазақстан Респубикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев өзінің бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салаларының инновациялық әлеуетін күшейту, ғылымның күш-қуатын өндіріс пен ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану сияқты күрделі мәселелерді қозғады.

Мемлекет басшысы қазір дүние жүзінде жасанды интеллектінің қарқынды дамуына байланысты сипаты мүлде жаңа технологиялық өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Соған орай, Үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін тапсырды.

«Алдағы үш жылдың ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуын басшылыққа алуымыз керек. Бұл – айқын әрі өзгермейтін мақсат. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://www.facebook.com/qazaqnas

---------Chatbot---------
виртуальный помощник