«Орман питомнигінде топырақ өңдеу» тақырыбында ашық дәріс өтті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінде «Орман питомнигінде топырақ өңдеу» тақырыбында ашық дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің орман питомниктерінде топырақ дайындау мен өңдеу технологиялары бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін тереңдету болды.
Дәріс барысында оқытушы оқу процесін интерактивті әдістер арқылы өткізді, теориялық мәліметтерді тәжірибемен ұштастырып, көрнекі материалдар мен заманауи оқыту тәсілдерін тиімді қолданды. Студенттер белсенділік танытып, орман топырағын өңдеудің кезеңдері мен әдістері туралы сұрақтарына нақты жауаптар алды. Ашық сабақ болашақ орман шаруашылығы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Бұл іс-шара студенттердің табиғатты қорғау жауапкершілігін арттырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған маңызды білім беру қадамы болды.
KazNARU Баспасөз қызметі