СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН – РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
2025 жылғы 21 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Су ресурстары және IT-технологиялар факультетінде, IT-технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Қазақстан – Республикам менің!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шараны тәлімгер Сейдалиева Г.О. және ИС-24-08К тобы дайындап, жоғары деңгейде өткізді. Студенттер өз өнерлерін паш етіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең, ән және домбыра үні арқылы жеткізді.
Іс-шара барысында Республика күні – ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, мемлекетке деген мақтаныш пен сүйіспеншіліктің символы екені атап өтілді. Мұндай мерекелік кездесулер жастардың рухын көтеріп, елжандылық қасиеттерін арттыра түседі.
KazNARU Баспасөз қызметі