ҚазҰАЗУ

FOODEXPO QAZAQSTAN 2025 27-ШІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТАҒАМ ӨНЕРКӘСІБІ" КӨРМЕСІ

2025 жылы 12-14-қарашада Алматыда түрлі елдердің тамақ өнеркәсібінің өндірушілері мен сарапшыларын біріктірген Food Expo халықаралық көрмесі өтті.

FoodExpo Qazaqstan - қазақстандық және шет елдік азық-түлік және сусындар нарығының үздік тауарлары ұсынылған ауқымды көрме. Іс-шара Қазақстаннан және Орталық Азияның басқа аймақтарынан мыңдаған келушілерді қабылдай отырып, сала өкілдерінің басты кездесу орнына айналды. Негізгі оқиғалардың бірі "Азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі экспорттың кілті ретінде: стандарттар, сертификаттау және гигиеналық дизайн" тақырыбында өткен Food Safety Dialogue панельдік сессиясы болды:

Спикерлер ретінде: Дәурен Думанов - "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Алматы филиалының директоры – «Қазақстандағы тамақ қауіпсіздігі, заңнаманың өзгеруі және кәсіпорындардың проблемалық аймақтары».

Алмас Қалқаев - "KazakhExport" АҚ өкілі – «Экспорт, халықаралық стандарттар және сыртқы нарықтарға сәтті шығудың нақты жағдайлары».

Александр Подколзин - RHEINSET Central Asia – «Гигиеналық дизайн, НАССР талаптары және қауіпсіз дизайнның сапа мен экспорттық әлеуетке әсері» - тақырыптарда сөз сөйледі.

Диалогтың негізгі мәселелері:

* Экспортты күшейтетін тиімді тамақ қауіпсіздігі жүйесін қалай құруға болады?

* Халықаралық нарықтарда қандай стандарттар сұранысқа ие?

* Неліктен гигиеналық дизайн бүгінгі күні стратегиялық талап болып табылады?

Диалог тағам қауіпсіздігі мәдениетін дамыту Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің кілті екенін көрсетті.

Көрмеге қатысушылар:

Қазақстан, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей, Өзбекстан және басқа елдердің өндірушілері азық-түлік, сусындар, жабдықтар мен заманауи технологияларды ұсынды.

13 қараша күні университетіміздің студенттері мен оқытушылары Food Expo Qazaqstan 2025 халықаралық көрмесіне қатысып, тағам индустриясының жүрегіне сапар жасады.

Бұл көрме – жаңа идеялар мен инновациялардың тоғысқан алаңы, әлемдік өндірушілердің тәжірибесі мен технологиялары тоғысқан ерекше платформа.

Көрме барысында қатысушылар:

-тағам өнімдерінің жаңа буынымен танысып, дәм өнеркәсібінің болашақ бағытын сезінді;

-заманауи өндіріс пен зертханалардың озық технологияларын өз көзімен көрді;

-сапа мен қауіпсіздік саласындағы әлемдік талаптар жөнінде құнды ақпарат алды;

-жетекші компаниялар мен сарапшылардан кәсіби кеңес тыңдап, болашақ маман ретінде дамуына зор серпін алды.

Бұл сапар студенттер үшін жай көрме емес, өз мүмкіндіктерін кеңейтетін, жаңа бағыттарға жетелейтін, шығармашылық ойлауды дамытатын ерекше орта болды.

Көрмеде қалыптасқан әсерлер мен жиналған тәжірибе олардың кәсіби болашақтарына тың серпін беріп, тағам индустриясын жаңа қырынан көруге мүмкіндік ашты.

Food Expo Qazaqstan — тек өнімдер көрмесі емес, болашақ мамандардың көзқарасын қалыптастыратын, олардың білімін тереңдететін, инновациялар әлеміне апаратын көпір.

Азық түлік өндірушілерінің халықаралық көрмелері болашақ мамандарға беретін мүмкіндіктері:

* нақты нарықпен және тағам қауіпсіздін басқару жүйесінің талаптарымен танысу;

* сарапшылармен және жұмыс берушілермен байланысу мүмкіндігі;

* экспортқа бағытталған тамақ өнеркәсібінің трендтерін түсіну;

* кәсіби көкжиектің практикалық кеңеюі.

Студенттер нақты кәсіпорындардың талаптарымен, жабдықтармен, жаңа технологиялар мен стандарттармен танысты. Көрмеде тағам өндірісінің мамандарына қандай құзыреттер қажет екендігі айқын көрінеді. ИСО 22000, FSSC 22000, Global G. A. P., НАССР және жаһандық нарық құрылатын басқа да талаптардың халықаралық стандарттарының өзектілігін түсінеді. Food Expo 2025-жаңа мүмкіндіктер мен кәсіби диалог аумағы!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник