MAXI TEA ӨНДІРІСІНДЕГІ САПА ЖОЛЫ: СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯСЫ
✅Бүгін «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының 6В07501 – «Стандартизация және сертификаттау» және 6В07210 – «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының студенттері Galanz Bottlers – Maxi ЧАЙ өндірісіне экскурсияға барды.
✅Экскурсияға Түрікменстаннан келген шетелдік студенттер де қатысты. Олар өндірістің толық технологиялық тізбегіне ерекше қызығушылық танытып, сапа мен қауіпсіздік стандарттарының нақты қалай орындалатынын өз көздерімен көрді.
✅Galanz Bottlers – Қазақстандағы жетекші сусын өндіруші компаниялардың бірі. Кәсіпорын заманауи еуропалық жабдықтармен жабдықталған және халықаралық сапа стандарттарына сай жұмыс істейді. Компанияның танымал өнімдерінің бірі — Maxi Tea бренді. Өндіріс желілерінде табиғи ингредиенттерге негізделген салқын шайлар, түрлі алкогольсіз сусындар мен функционалды өнімдер шығарылады.
✅Компанияның басты мақсаты – тұтынушыға сапалы, қауіпсіз және экологиялық талаптарға сай өнім ұсыну.
✅Студенттер шай сусындарын өндірудің заманауи технологиясымен жан-жақты танысты:
• табиғи шай сығындыларын дайындау;
• суды көпсатылы фильтрациядан өткізу;
• ингредиенттерді дәл мөлшерлеу және автоматты араластыру;
• пастерлеу арқылы өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• бөтелкелерді үрлеу, құю және герметикалық жабу;
• дайын өнімді маркировкалау, қаптау және қоймаға өткізу.
✅Сонымен қатар студенттерге санитарлық-гигиеналық талаптар, жабдықтарды жуып-шаюға арналған CIP-жүйесі, қызметкерлердің гигиена стандарттары және кәсіпорынның ішкі сапа зертханасында өнімді талдау процесі көрсетілді.
✅Экскурсияға оқытушылар Исматуллаев С.Л., Искакова Ж.А., Тәжен Қ.П., өндірістік оқыту шебері Дадашова Р.Т., сондай-ақ практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекші маманы Әділхан Б.Д. қатысты.
✅Олар студенттерге өндіріс технологиясын толық түсіндіріп, қауіпсіздік пен сапа стандарттарының негізгі талаптарын көрсетуге көмектесті.
✅Мұндай іс-шаралар студенттердің теориялық білімін нақты өндірістік тәжірибемен ұштастырып, болашақ маман ретінде кәсіби көзқарасын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.