Шоқан Уəлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай “Шоқан Уəлиханов - ұлы тұлға” атты дөңгелек үстел өтті
28.11.2025. Шоқан Уəлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай “Шоқан Уəлиханов - ұлы тұлға” атты дөңгелек үстелді Жалпы білім беру пəндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Ахантаева Әмина Жағыппарқызы мен аға оқытушы Ахантаева Гүлазия Жағыпбарқызы және университеттің Ғылыми кітапхана кызметкерлері ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» мен «Ветеринария және Зооинженерия» факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. Бұл бас қосудың мақсаты – Шоқан Уәлихановтың қазақ халқының ғылымы мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесін кеңінен насихаттау, оның өмірі мен шығармашылық мұрасын терең зерттеу арқылы жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, ғылымға деген құрмет сезімін арттыру.
Дөңгелек үстелді тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Ахантаева Əмина Жағыппарқызы жүргізіп отырды. Іс шараны Ғылыми кітапхана директорының орынбасары Ақшалова Айгүл Болғанбайқызы ашты. Айгүл Болғанбайқызы: « Бүгін біз қазақ халқының ұлы ғалымы, ағартушысы, этнографы, саяхатшысы және қайраткері Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған дөңгелек үстелде бас қосып отырмыз. Шоқан – XIX ғасырдағы ғылым мен мәдениеттің жарқын жұлдызы, қазақ руханиятын әлемге танытқан бірегей тұлға. Оның ғылыми еңбектері, тарихи зерттеулері, Орта Азия халықтарының мәдениеті мен әдет-ғұрпына қатысты құнды деректері бүгінгі күнге дейін маңызын жоймағандығына тоқталды». Одан кейін студенттер түрлі тақырыпта баяндама жасап Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметінен бастап түрлі қырларын ашып көрсетті.
1. Ануар Сырғалым ЛДО 25-16 - Ш. Уəлиханов өмірі мен қызметі
2. Балғали Ақбота ЛДО 25 - 14 - Ш.Уəлиханов балалық шағы жəне салған суреттерінің мәні мен маңызы.
3. Батырхан Ақмейір ЛДО 25 - 14 - Ш.Уəлиханов туралы Еуропа, орыс ғалымдарының пікірі.
4. Қойшыбай Гаухар ЛДО 25 – 16 - Ш.Уəлихановтың ғылыми мұралары ЛДО 25 – 13.
Дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар кафедраның аға оқытушылары Нұрақынов Алден Нұрақынұлы, Гүлазия Жағыпбарқызы, ғылыми кітапхананың жетекші кітапханашысы Мәдібаева Базаркүл Кәріпбайқызы, аға кітапханашы Нұрелова Майра Мұсаханқызы өз сөздерінде «Қазақ халқының рухани кемеңгері, ағартушы-ғалым, зерттеуші және этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уəлихановтың мол мұрасын талқылап, оның тұлғалық болмысын жаңа қырынан тану үшін бас қосып отырғандығына тоқталды. Шоқан Уəлиханов – XIX ғасырдағы қазақ даласынан шыққан ең білімді, озық ойлы қайраткерлердің бірі. Ол небәрі 30 жыл ғана өмір сүрсе де, ғылымның бірнеше саласында өшпес із қалдырды. Оның қазақ тарихы, этнографиясы, фольклоры, шығыстану ғылымы бойынша жазған еңбектері тек қазақ елінің ғана емес, бүкіл әлемдік ғылымның қазынасына айналғандығын атап көрсетті. Дөңгелек үстелді Əмина Жағыппарқызы қорытындылап, ВМ-25-28 тобының студенті Сайлаубек Оразхан Əбдімомын Желдібаевтың “Ерке сылқым” күйімен аяқтады.
Жалпы білім беру пəндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Ахантаева Әмина Жағыппарқызы
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)



.jpeg)
.jpeg)