ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Самарқанд мемлекеттік ветеринарлық медицина униситетінің профессоры Кулдашов Бобомурод Хусанович KazNARU-да біліктілігін арттырды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Агробиология факультетінің Агрономия, селекция және биотехнология кафедрасына Өзбекстан Республикасы, Самарқанд мемлекеттік ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің «Білім сапасын қамтамасыз ету бөлімінің» басшысы, «Өсімдік шаруашылығы және жемшөп өндіру» кафедрасының доценті Кулдашов Бобомурод Хусанович 2025 жылғы 21 қазан мен 21 қараша аралығында университетімізде біліктілігін арттырды.

Оқыту бағдарламасы аясында профессор Кулдашов заманауи агрономиялық технологиялар, селекция және биотехнология саласындағы білімдерін тереңдетті. Біліктілігін сәтті аяқтағаны үшін оған сертификат табыс етілді.

Бұл іс-шара екі университет арасындағы ғылыми байланыстар мен тәжірибе алмасуды нығайтуға және аграрлық саладағы білікті мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник