KazNARU студенттері Carlsberg Kazakhstan кәсіпорнына өндірістік экскурсия жасады
2025 жылдың 5 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының 4-курс студенттері ірі сыра өндірісі саласындағы кәсіпорындардың бірі — ТОО «Carlsberg Kazakhstan» зауытына танымдық экскурсиямен барып қайтты.
Экскурсия барысында студенттер компанияның құрылымымен, өндірістік технологиялық үдерістерімен, сапаны бақылау жүйесімен және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарымен танысты. Оларға шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімді құтыға құю және қаптау кезеңіне дейінгі барлық өндіріс сатылары толық көрсетілді.
Кәсіпорын құрылымы келесі негізгі бөлімдерден тұрады:
-
Өндірістік цехтар (қайнату, ашыту, құю цехтары)
-
Сапаны бақылау бөлімі және микробиологиялық зертхана
-
Қойма және логистика бөлімі
-
Инженерлік-техникалық қызмет
-
Әкімшілік-басқару бөлімі
ТОО «Carlsberg Kazakhstan» заманауи автоматтандырылған жабдықтармен қамтамасыз етілген және халықаралық сапа стандарттарына (HACCP, ISO) сай өнімдер шығарады. Кәсіпорын сыра, алкогольсіз және төмен алкогольді сусындарға маманданған.
Өнім ассортиментіне мыналар кіреді:
-
Ашық және классикалық сыра түрлері
-
Арнайы және қоюлатылған сыралар
-
Алкогольсіз сусындар
-
Төмен алкогольді өнімдер
Негізгі брендтер: Carlsberg, Tuborg, Kronenbourg 1664, Somersby, Zatecky Gus, Ирбис және басқа да Қазақстанда және халықаралық нарықта танымал өнімдер.
Экскурсия студенттер үшін үлкен тәжірибелік маңызға ие болды. Олар өндіріс мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тағам өнеркәсібінің нақты жұмыс барысымен танысты. Осындай практикалық сапарлар студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.





