«Қыз – болашақтың шамшырағы»
«Қыз – болашақтың шамшырағы» атты еркін форматтағы пікірталас Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Ветеринария және зооинженерия факультетінің №5 жатақханасында өтті. Кеш барысында Н.О.Базанова атындағы жануарлар биологиясы кафедрасының аға оқытушылары Саримбекова Сауле Нұрғалиевна мен Несіпбаева Айгүл Қадырқызы, сондай-ақ Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профессоры Мықтыбаева Рая Жақсығұлқызы қыз баланың тәрбиесі мен ұлттық құндылықтар жайында келелі ой қозғады.
Шараның басты мақсаты – қыз баланың болашақ ана, отбасының берекесі және ұлттың шамшырағы ретіндегі жауапкершілігін ұғындыру болды. Ұйымдастырушылар, оның ішінде кешті қорытындылаған Айгүл Қадырқызы, қазақ қызының сыртқы сұлулығымен қатар ішкі мәдениеті мен ибалығының маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулердің дәстүрлі түрде жалғасатынына сенім білдірді.