«Start UP Day» іс-шарасында студенттеріміз жүлделі орын иеленді
2025 жылдың 4 желтоқсанында KazNARU AgroHub алаңында «Start UP Day» инновациялық іс-шарасы өтті. Студенттер 24 стартап-жобаны ұсынып, кәсіпкерлік және технологиялық бағыттағы шешімдерін таныстырды. Іс-шараны университет басшылығы ашып, студенттік инновацияларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
“ТИАШМИИ” ҰЗУ Алматы қаласындағы филиалының 2-курс студенттері — Нұрлан Темірлан Мақсатұлы, Кенже Айнұр Асылбекқызы, Ақбай Мерей Берікқызы, Асанхан Рахымжан Шерханұлы, Байғазы Диас Бақытжанұлы «Су қоймаларынан су сынамаларын алуға арналған құрылғы» жобасымен 3-орынға ие болып, сертификат пен ақшалай сыйлыққа ие болды. Қазылар алқасы жобаның экологиялық мониторингтегі маңызын ерекше атап өтті.
Ал 1-курс студенттері — Мырзагелді Қасиет Ғалымжанқызы, Серік Қарақат Ерланқызы, Қыдыркелді Жан, Сқақбек Ерасыл Аянұлы, Құтыбаева Жаннұр Қылышбайқызы іс-шараға белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.
Сонымен қатар филиал директорының атынан университеттің инновациялық бастамалары мен кәсіпкерлік ортасының дамуына үлес қосқандары үшін барлық қатысушы студенттерге алғыс хаттар табысталды.









