KazNARU студенті Қытайда өтетін «Future Agriculture» 2026 халықаралық қысқы лагеріне қатысуда
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) 6B06102 «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ержомарт Малика 2026 жылғы 12–25 қаңтар аралығында Қытай Халық Республикасының Хайнань провинциясы, Санья қаласында өтетін «Future Agriculture» 2026 халықаралық қысқы лагеріне қатысуда. Аталған білім беру бағдарламасын Қытай ауыл шаруашылығы университеті (China Agricultural University, CAU) ұйымдастырып отыр.
Халықаралық қысқы лагерьдің басты мақсаты – аграрлық және оған іргелес салалар бойынша білім алып жатқан үздік студенттерді іріктеу және олардың кәсіби әлеуетін дамыту.
Бағдарлама аясында қатысушылар ақылды ауыл шаруашылығы, жасыл даму бағытындағы озық технологиялармен танысып, жетекші ғалымдар мен мемлекеттік құрылым өкілдерімен тәжірибе алмасады. Сонымен қатар Хайнань өңіріндегі инновациялық орталықтарда практикалық тәжірибе жинақтап, ауыл шаруашылығының болашағына қатысты жаһандық көзқарас қалыптастырады.
KazNARU студентінің беделді халықаралық білім беру жобасына қатысуы университетте бәсекеге қабілетті, заманауи талаптарға сай мамандар даярланатынын айғақтайды.
Университет ұжымы студенттерінің жетістіктерін мақтан тұтады және олардың халықаралық білім беру бағдарламаларына белсенді қатысуын қолдайды. Ержомарт Маликaға сәттілік, жемісті тәжірибе және жаңа жетістіктер тілейміз!

.jpeg)
.jpeg)