ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

📢 Хабарландыру! «Пластиксіз дүйсенбі»

19 қаңтардан бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) негізгі корпусында «Понедельник против пластика» экологиялық акциясы басталады. Іс-шара «Жасыл кампус», «Жасыл офис» бастамалары және жалпыұлттық экологиялық бағдарлама «Таза Қазақстан» аясында өткізіледі.

Алдыңғы акция барысында университеттің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерінің бірлескен күшімен 3 тоннадан астам пластикалық қалдық жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Бұл қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға және жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға елеулі үлес қосты.

🔹 Қалай қатысуға болады?

  • Пластикалық бөтелкелерді, орамаларды, контейнерлерді жинаңыз

  • Оларды кампустың жинау пункттеріне апарыңыз

  • Эко-қауымдастыққа қосылып, жауапты тұтыну идеяларын таратыңыз

KazNARU-дың барлық білім алушылары мен қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға шақырылады.

Барлық жиналған пластикалық бөтелкелер қайта өңдеуге жіберіледі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник