ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

📢ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті студенттер мен магистранттар!

Сіздерге APOLLO бағдарламасының (экология, ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы ынтымақтастық қауымдастығы) алдағы визиті туралы қуана хабарлаймыз.

APOLLO — Германиядағы 3–4 курс студенттері мен 1 курс магистранттарына арналған тағылымдамаларды ұйымдастыратын неміс ұйымы. Бағдарлама «Ветеринария және зооинженерия» және «Агробиология» факультеттерінің білім алушыларына арналған.

«APOLLO e. V.» ұйымы ҚазҰАЗУ білім алушыларына Германияда тегін  тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынады. Жол жүру, тұру, неміс тілін оқыту және визалық қолдау бойынша барлық шығындар аталған ұйым есебінен өтеледі.

Тағылымдама туралы негізгі ақпарат:


• Тағылымдама 05.06.2026 – 31.08.2026 аралығында Германияның Бранденбург федералдық жеріндегі фермаларда өтеді;
• Білімалушылардың келуі мен кетуін «APOLLO» ұйымы ұйымдастырады, ал тұру, тамақтану және барлық қажетті жағдайлар қабылдаушы фермалар тарапынан қамтамасыз етіледі;
• Тағылымдама аясында үш білім беру семинары өткізіледі;
• Әр білімалушыға жеке тәлімгер бекітіліп, ол тағылымдама барысында қолдау көрсетеді.

Қонақтардың келу және іс-шаралар жоспары:

04.02.2026 — Александра Ситенко мен Анна Штайнманның келуі
05.02.2026 — ҚазҰАЗУ-ға визит және ақпараттық іс-шара
06.02.2026 — Іріктеу сұхбаттары
09.02.2026 — Қажет болған жағдайда қосымша іріктеу сұхбаттары
09–10.02.2026 — Неміс-қазақ университетінде DAAD өкілдерімен кездесулер
10.02.2026 — Алматы қаласынан Орал қаласына сағат 19:00-де ұшу

💡 Барлық сұрақтар бойынша

ҚазҰАЗУ-дың Халықаралық офисіне хабарласуыңызды сұраймыз:
Бас ғимарат, 36-кабинет.

🌍 Халықаралық тәжірибе жинап, APOLLO бағдарламасының қатысушысы болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник