ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

CAB Abstracts ғылыми-ақпараттық деректер қорының онлайн-презентациясы!

Құрметті оқытушылар мен студенттер, сіздерді CABI баспасының ғылыми-ақпараттық ресурстары бойынша онлайн-презентацияға шақыруға қуаныштымыз!
Күні: 2026 жылғы 9 ақпан   Уақыты: сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін, ҚР уақыты бойынша.
Өтетін орны: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (онлайн).
Ұзақтығы: 1,5 сағат Тілі: орыс тілі
Платформа: Microsoft Teams Вебинар сілтемесі: CAB Abstracts презентация. | Microsoft Teams | Присоединение к митапу
 
CABI туралы: CAB International (CABI) – штаб-пәтері Ұлыбританияның Оксфорд қаласында орналасқан халықаралық агробиология орталығы. CABI ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, биология және экология салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді.
CAB Abstracts – бұл 14 миллионнан астам ғылыми деректер бірлігін, 2,5 миллионнан астам толықмәтінді материалдарды, 8 мыңнан астам ғылыми журналды қамтитын ірі библиографиялық дерекқор болып табылатын ғылыми кітапхана. Олардың ішінде 1200-ден астам ғылыми журналдар толықмәтінді форматта қолжетімді. Сондай-ақ базаға ғылыми конференциялар материалдары, монографиялар және басқа да ғылыми деректер енгізілген.
CAB Abstracts электронды кітапханасы келесі негізгі ғылыми салаларды қамтиды: ауыл шаруашылығы, қоршаған орта, азық-түлік ғылымдары, адам денсаулығы, микология мен паразитология, тамақтану, өсімдік ғылымдары, ветеринария, экология, су ресурстары және басқа да көптеген туыстас бағыттар.
 
9 АҚПАННАН 9 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН УНИВЕРСИТЕТ ҮШІН СЫНАҚ ТҮРІНДЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ БІР АЙҒА АШЫҚ БОЛАДЫ.
Кітапхана сілтемесі: CABI Digital Library - Home
---------Chatbot---------
виртуальный помощник