ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Қазақ жырының ақиық ақыны М.Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» атты әдеби-сазды кеш

«Ветеринария және Зооинженерия» факультетінде 18.02.2026 ж. күні,  «Н.О. Базанова атындағы Жануарлар биологиясы»  кафедрасының ассистенті, З.А. Шытырбаеваның тәлімгерлік Вет 25-12 тобының ұйымдастыруымен, ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, ақынның сырлы да мұңлы, отты да өр рухты жырлары оқылып, әнге айналған жырлары шырқалды. Көрермен қауым ақынның терең ойлы, сезімге толы әлеміне саяхат жасады. Студенттер  М.Мақатаев жырларын нақышына келтіріліп орындап, көріністері мен сахналық қойылымдары поэзияның терең мағынасын аша түсті. Сахна мәдениеті, дауыс ырғағы, актерлік шеберлік – бәрі де кештің мазмұнын байытты.

Іс-шараға «Н.О.Базанова атындағы Жануарлар биологиясы» кафедрасының меңгерушісі Джанабекова Г.К. және факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен факультет білім алушылары қатысып, топтың белсенділігі мен өнеріне жоғары баға берді.

Аталған іс-шараны 1 курс, Вет 25-12 тобының студенттері жоғары деңгейде ұйымдастырып, жауапкершілігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Топ тәлімгері З.А. Шытырбаева студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән беріп, іс-шараның мазмұнды өтуіне үлкен үлес қосты.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник