ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ҚазҰАЗУ -да пластикалық бөтелкелер мен алюминий қаптамаларды өңдеуге арналған пресс орнатылады

ҚазҰАЗУ -да пластикалық бөтелкелерді (0,5 л) және алюминий қаптамаларды қысуға арналған заманауи пресс орнату жоспарлануда. Жабдық қайта өңделетін қалдықтарды жинау мен уақытша сақтау процесін оңтайландырады, қоқысты сұрыптап жинаудың тиімділігін арттырады және университет аумағының санитарлық жағдайын жақсартады.
«ЭкоСен» серіктес ұйымы ұсынған пресс қауіпсіз, аз орын алады және қосымша қауіп-қатер туғызбайды. Орнатуға қажетті барлық бекітпелер серіктес тарапынан беріледі, жабдықты орнату тегін жүзеге асырылады.
Пресс орналастыру үшін Жасыл және тұрақты даму институтының офисті қарастыруда, сондай-ақ Бізнес және құқық жоғарғы мектебінің факультетінде орналастыру нұсқасы ұсынылды. Кездесуге «ЭкоСен» компаниясының өкілі, Бізнес және құқық жоғарғы мектебінің факультет деканы, корпус коменданты, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану басқармасының басшысы және институттың жетекші маманы қатысты.
«Пресс орнату — студенттер мен университет қызметкерлері арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға қадам. Жобаның қалдықтарды тиімді пайдалану үлгісі болып, кампус аумағындағы тазалық пен тәртіпті қолдайды деп үміттенеміз», — деп атап өтті жобаның ұйымдастырушылары.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник