«Мұқағали — мәңгілік ғұмыр»
Зооинженерия және биотехнология кафедарсының оқытушысы Орақбаева Айнұр мен МШ 25-03 кураторлық тобымен «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Студент жастардың рухани-мәдени дамуын қолдау, ұлттық әдеби мұраны насихаттау және қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаев шығармашылығын дәріптеу мақсатында студенттер арасында «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-танымдық кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — білім алушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу болды.
Әдеби кеш барысында қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы мазмұнды ақпарат ұсынылып, оның поэзиясындағы отансүйгіштік, адамгершілік, махаббат, өмір философиясы мен туған жерге деген сүйіспеншілік тақырыптары кеңінен талқыланды. Студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңдерін айтып, поэзиялық композициялар ұсынып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Кеш бағдарламасы аясында ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, сахналық көріністер қойылды. Қатысушылар мен көрермендер арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, кафедра меңгерушісі Кулатаев Б.Т., кафедра оқытушылары Баймәжі Е., Ғабит Г., Сағымбек Ф., ақынның поэзияларын оқып беріп, Мұқағали поэзиясының қазіргі қоғамдағы тәрбиелік мәні мен рухани маңызы атап өтті.
Шара барысында студенттердің белсенділігі мен шығармашылық ізденісі ерекше байқалып, әдеби орта қалыптасты. Мұндай мәдени-танымдық іс-шаралар жастардың ұлттық әдебиетке деген құрметін арттырып, олардың рухани дүниесінің дамуына оң ықпал ететіні атап өтілді.
Әдеби кеш соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, осындай тәрбиелік мәні жоғары іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.
Автор Орақбаева А.Д.


