ҚазҰАЗУ-да тұрақты даму мен экологиялық мәдениетті ілгерілету мақсатында Жасыл офис ашылды
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) жанынан студенттер мен университет қызметкерлері арасында экологиялық мәдениетті дамытуға, тұрақты даму қағидаттарын енгізуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған Жасыл офис өз жұмысын бастады.
Жасыл офис қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға бағытталған экологиялық бастамалардың, білім беру іс-шараларының және тәжірибелік жобалардың орталығы болады. Оның қызметі қалдықтарды бөлек жинауды дамытуға, пластикті пайдалануды азайтуға, ресурстарды ұтымды тұтынуға, сондай-ақ университет қауымдастығының экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Жасыл офистің негізгі міндеттері — «жасыл кампус» қағидаттарын енгізу, студенттер мен оқытушылардың экологиялық жобаларын қолдау, тренингтер, семинарлар және ақпараттық науқандар ұйымдастыру. Сонымен қатар күнделікті өмірде экологиялық жауапкершілік пен тұрақты әдеттерді қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Жасыл офисті дамытуға арналған кездесу барысында ҚазҰАЗУ-дың «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Олар бұл бастаманы қолдап, тұрақты даму бағытында жұмыс істейтін студенттік белсенділер клубын құруды ұсынды. Бұл клуб жастарды университеттің экологиялық жобалары мен бастамаларына белсенді түрде тартуға мүмкіндік береді.
Талқылау барысында бастаманы іске асыру жолдары қарастырылып, Жасыл офистің қызметін дамыту және университет қауымдастығын тарту бойынша алдағы қадамдар айқындалды. Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, ынтымақтастық перспективаларын талқылап, естелік суретке түсті.
Аталған іс-шара ҚазҰАЗУ -дың Жасыл және тұрақты даму институты тарапынан ұйымдастырылды.
«Жасыл офистің ашылуы — университеттің экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрақты болашақты қалыптастыруға қосқан үлесі. Біз әрбір адам қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық жауапты қоғам қалыптастыруға өз үлесін қоса алатын кеңістік құруды мақсат етеміз», — деп атап өтті университет өкілдері.
Жасыл офис ҚазҰАЗУ -дың барлық студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері үшін ашық және экологиялық бастамаларды жүзеге асыру, ынтымақтастық орнату және тәжірибе алмасу алаңы болады.
Өтетін орны: Вагенинген университетімен жұмыс жөніндегі институттың кеңсесі
Уақыты: 15:00
Күні: 2026 жылғы 19 ақпан
Уақыты: 15:00
Күні: 2026 жылғы 19 ақпан




