«ЖАҢА КІТАПТАР» КІТАП КӨРМЕСІ ЖӘНЕ CABI РЕСУРСТАРЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
2026 жылдың 9–10 ақпан күндері №1 оқу залында «Жаңа кітаптар», «Новые книги», «New books» атты кітап көрмесі және CABI баспасының ғылыми-ақпараттық ресурстары бойынша онлайн-презентация ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар кітапхана қорына жаңадан түскен заманауи монографиялармен, оқулықтармен, оқу және оқу-әдістемелік құралдармен танысты. Әсіресе су ресурстары, экология, цифрлық технологиялар, деректерді талдау және тұрақты даму салалары бойынша басылымдар үлкен қызығушылық тудырды.
CABI ресурстарының онлайн-презентациясы халықаралық ғылыми деректер базаларына, мамандандырылған журналдарға және талдамалық материалдарға қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді. Бұл ресурстар оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында тиімді пайдаланылуы мүмкін.
Іс-шараның мақсаты — білім беру және ғылыми қызметті қолдау, заманауи баспа және электрондық ресурстарға қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ кітапхана қызметтерін академиялық қауымдастық арасында насихаттау.





.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)



.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
