ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

19 ақпанда 8D091 Ветеринария даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті

    2026 жылғы 19 ақпанда сағат 14:30-да және 16:30-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100–Ветеринариялық медицина, 6D120200–Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101–Ветеринариялық медицина; 8D09102–Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Тулеуов Асылан Мухамбетовичтің «Батыс Қазақстан облысындағы ұзынашалы өзен шаянының ветеринарлық-санитарлық сапасының көрсеткіштерін бағалау және тағамдық қауіпсіздігі» және Нагимова Гаухар Хайратовнаның «Опока – минералдық азықтық қоспасын пайдалану кезінде құс етін ветеринариялық-санитариялық бағалау» тақырыптарында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғаулары өтті.
     8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің 5, 6 хаттамалары негізінде Тулеуов Асылан Мухамбетовичке және Нагимова Гаухар Хайратовнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.








---------Chatbot---------
виртуальный помощник