«AI-KUN» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МАКАРОН ӨНІМДЕРІН «ХАЛАЛ» СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕС
2024 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті №DP23691844 «Көп дәнді шикізаттан жасалған "Ai-Kun" инновациялық макарон өнімдерін өндіру» жобасымен 2024-2026 ж. ҒҒТҚН коммерцияландыру конкурсының жеңімпазы атанды, жоба жетекшісі Д.Б. Жалелов болып табылады.
2026 жылдың төртінші наурызында осы жобаны іске асыру шеңберінде халықаралық сарапшы тағам инженері/жетекші аудиторы GİMDES техникалық комитетінің мүшесі Mehmet Bayar мырзамен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу ЖШС «Bal Halal» өндірістік базасында өтті, онда сертификаттау рәсімінің негізгі кезеңдері, өнімге қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттар, сондай-ақ «Халал» нормаларына сәйкес өндірістік процестерді ұйымдастыру ерекшеліктері талқыланды.
Өндірістік бақылау, шикізат пен дайын өнімнің қадағалануын қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, сондай-ақ ішкі аудит жүйесін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар кәсіпорынды сертификаттауға дайындау тетіктерін, құжаттамаға қойылатын талаптарды, сақтау және логистика шарттарын, сондай-ақ «Ai-Kun» инновациялық өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.
Айта кету керек, сертификаттау аудитінің бірінші кезеңі сәтті өтті.
«Халал» сертификатын алу ЖШС «Bal Halal» компаниясы мен «Ai-Kun» жобасына халықаралық нарықтарда жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл «Халал» стандарттары міндетті болып табылатын аймақтарға, атап айтқанда Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді және клиенттер базасын айтарлықтай кеңейтеді.
Сертификаттау өнімнің сапасын жақсартуға және тұтынушылар тарапынан сенімділікті арттыруға ықпал етеді, бұл өнімді бәсекеге қабілетті етеді. Ішкі аудит жүйесін енгізу және қатаң өндірістік стандарттар процестердің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, бұл ұзақ мерзімді перспективада өндірістік шығындарды оңтайландыруға және өнім сапасын жақсартуға әкеледі.
Арнайы алғысымызды жобаны іске асырудағы ынтымақтастығы мен қолдауы үшін ТОО «Bal Halal» атқарушы директоры Тәжібаева Римма Данабайқызына және АҚ «Ғылым қорына» білдіреміз.


