ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРУ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 
Құрметті жас ғалымдар және студенттер!
 
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебі және Битлистегі Эрен университеті 2026 жылдың 10 сәуірінде өтетін «АӨК-тің цифрлық экожүйесі: экономиканың жаһандық трансформациясы жағдайында құқықтық жүйе мен инновациялық бизнес-модельдерді интеграциялау» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жас ғалымдарды, докторанттарды, магистранттарды және студенттерді қатысуға шақырады.
 
 
Конференцияда келесі секциялардың жұмысы жоспарлануда:
1. Цифрлық АӨК-тегі инновациялық бизнес-модельдер: экономикалық механизмдер және саланың трансформациясы.
2. Есеп, қаржы және бағалау: ESG күн тәртібі, цифрландыру және тұрақты даму.
3. Цифрландыру жағдайында құқық пен заңнаманы дамытудың өзекті мәселелері.
 
Конференция аралас (онлайн, оффлайн) форматта өтеді
Конференцияны өткізудің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
 
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Мақала материалы автор жүргізген жұмыстың сипаты, мазмұны және нәтижесі туралы анық көрініс беру тиіс.
Мақала мәтіні 5-8 беттен аспауы тиіс. 1.0 интервал арқылы Microsoft Word редакторында, Times New Roman қаріпімен А4 форматында 12-ші шрифтімен терілген болуы тиіс, жаңа жол 1,25 см, жоғары және төменгі жағы 2 см, сол жағынан 3 см, оң жағынан 1 см қалдыру керек. Келесі жолда ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН қалың қаріппен мақаланың атауы жазылады. Әрі қарай парақ ортасында бір жол төмен автордың аты жөні, төмен е-майл, бір жол төмен мекеме, қала, мемлекеті, келесі жолда ғылыми жетекшісінің лауазымы мен аты-жөні жазылады. Бір жолдан кейін жаңа жолдан мақала материалы одан кейін 1 жолдан кейін әдебиеттер тізімі жазылады. Әдебиеттер көрсетілу тәртібіне сәйкес әдебиеттер тізімінде келтіріліп жазылады. Формулалар Microsoft Equation 3.0 редакторы бойынша жазылуы тиіс.
Ұйымдастыру алқасы ресімделу талаптарына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.
Бір адам екі реттен артық автор немесе қосалқы автор  бола алмайды.
 
 
 
        Қатысу шарттары:
    Конференцияға қатысушылар сәйкес секцияның электронды поштасына 2026 жылдың 27 наурызына дейін:
  • Конференцияға қатысуға өтінішті;
  • Рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес мақала мәтінін;
  • Мақаланың түпнұсқалығын тексеру жөніндегі анықтаманы (Антиплагиат.ру, Strikeplagiarism, Turnitin, Grammarly және т.б.).
Жоғарыда көрсетілген пункттердің бірі болмаған жағдайда материалдар жарияланымға қабылданбайды.
Мақала мәтіні авторлық басылымда басылып шығады. Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдардың мазмұнының грамматикалық және стилистикалық қателіктерін жауапкершіліке алмайды.
Мақаланың түпнұсқалығын (70% кем емес) тексеру жөніндегі анықтаманы (сканерленген, PDF) электронды түрде қоса жіберу сұралады.
Конференцияға қатысу тегін.
Конференция қорытындысы бойынша ISBN берілген электрондық жинақ PDF нұсқасында шығарылады, конференция материалдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің https://www.kaznaru.edu.kz/ru сайтында жарияланатын болады.
 
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кейін  жіберілген мақалаларды қабылдамайды. 
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласы, Абай көшесі, 8. «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ, бас ғимарат, Ситуациялық зал.
 
Секциялар бойынша жауапты тұлғалар:
1. Цифрлық АӨК-гі инновациялық бизнес-модельдер: экономикалық тетіктер және саланың трансформациясы – Қаби Шырын Миятовна, ұ.т. 7 747 714 0512, E-mail: shyryn.kabi@kaznaru.edu.kz
2. Есеп, қаржы және бағалау: ESG күн тәртібі, цифрландыру және тұрақты даму – Сапарова Гульнара Тельмановна, ұ.т. 7 701 756 0836,, E-mail: saparova.gulnara@kaznaru.edu.kz
3. Цифрландыру жағдайында құқық пен заңнаманы дамытудың өзекті мәселелері – Калшабаева Маншук Женисбаевна, ұ.т. 7 707 463 0571, E-mail: kalshabayeva.manshuk@kaznaru.edu.kz
---------Chatbot---------
виртуальный помощник