ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ҚазҰАЗУ оқытушылары халықаралық конференцияға қатысты

Қазақ  ұлттық аграрлық зерттеу университеті Жалпы білім беру кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы, атап айтқанда ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.Ә.Алдабек, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Д.Кожабекова, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ә.Ж.Ахантаева, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.А.Даулетова   2026 жылы 23-25 наурыз аралығында Өзбекстанның Үргеніш қаласында Үргеніш мемлекеттік педагогикалық институты, Әбу Райхан Бируни атындағы Үргеніш мемлекеттік университеті және «TURK ELI» халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген  «Инновациялар дәуіріндегі түркі мәдени ынтымақтастығы: цифрлық платформалар және ғылыми алмасулар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.   

Аталған конференцияла түркі халықтарының мәдени байланыстарын дамыту, цифрлық технологиялар арқылы ғылыми ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ тәжірибе алмасу бағыттарында өзекті мәселелер талқыланды. Конференция барысында заманауи білім беру үрдістері, ғылыми зерттеулердің интеграциясы, цифрлық платформалардың мүмкіндіктері және халықаралық әріптестікті дамыту жолдары кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар конференция қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа идеялар мен бастамаларға негіз қалады.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник