Екі дипломдық бағдарлама аясындағы академиялық ынтымақтастық жалғасуда
2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі бекітілген оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, білім беру үдерісі жоспарлы түрде жүзеге асуда. Академиялық сабақтар белгіленген кестеге сай жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Екі дипломдық білім беру бағдарламасы аясында жасалған ынтымақтастық келісімге сәйкес Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру ұлттық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы біздің университетте оқу сабақтарын өткізуде. Қазіргі таңда студенттерге дәрістік және практикалық сабақтар ұйымдастырылып, халықаралық тәжірибе алмасу белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның жүйелі түрде іске асуын қамтамасыз ету және академиялық әріптестікті нығайту мақсатында аталған жоғары оқу орнының бас кампусынан доцент, техника ғылымдарының кандидаты Nurjanov Satbay Eshjanovich келіп, білім алушыларға кәсіби бағыттағы пәндер бойынша сабақтар жүргізуде.
Өткізілетін дәрістер мен практикалық жұмыстар студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи ғылыми бағыттармен танысуына және халықаралық білім беру стандарттарына сай қажетті дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.
Академиялық ынтымақтастық аясындағы бұл жұмыс студенттердің теориялық білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың болашақта бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман ретінде қалыптасуына берік негіз қалайды

.jpeg)
.jpeg)