Салауатты өмір салты – саналы таңдау

Салауатты өмір салты – саналы таңдау

23.04.2026 ж. ПБ 25-18К тобында «Салауатты өмір салты: темекі, алкоголь және есірткінің зияны» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін кері әсерін түсіндіру және саналы таңдау жасауға бағыт беру болды.

Тәрбие сағаты домалақ үстел форматында ұйымдастырылып, интерактивті әдістер арқылы өткізілді. Шара барысында студенттер темекі шегу, алкоголь қолдану және есірткі мен психотроптық заттардың зияны туралы ақпарат алып, өз ойларын еркін жеткізді.

Пікірталас барысында жастардың зиянды әдеттерге бару себептері, қоршаған ортаның әсері және «жоқ» деп айтудың маңыздылығы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар топтық жұмыс, ситуациялық тапсырмалар және «миф немесе шындық» форматындағы ойындар ұйымдастырылып, студенттердің белсенділігі арттырылды.

Іс-шараға қонақ ретінде ага оқытушылар Тойгулиева А.Б. және Абдылдаева Ч.С. қатысып, жюри мүшелері ретінде студенттердің жұмыстарын бағалап, өз пікірлерімен бөлісті.

Шара соңында студенттер салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы қорытынды жасап, өз көзқарастарын білдірді. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жастардың дұрыс бағытта қалыптасуына, жауапкершілік пен саналы өмір ұстанымын дамытуға ықпал етеді.

 

Жауапты оқытушы: Бердышева Г.А.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник