«Бункер: Мегаполис үшін күрес» атты зияткерлік дебат ойын

«Бункер: Мегаполис үшін күрес» атты зияткерлік дебат ойын

24.04.2026 күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің “Жалпы білім беру пәндері” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Бункер: Мегаполис үшін күрес» атты зияткерлік дебат ойын өтті.
🔹 Қатысушылар: 10 үміткер және 4 сараптамалық комитет.
🔹 Мақсаты: Студенттердің урбанистикалық дағдарыс жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау, сыни ойлау, көпшілік алдында сөйлеу және аргументация дағдыларын дамыту.
🔹 Қонақтар: Іс-шараға арнайы қонақ ретінде “Жалпы білім беру пәндері” кафедрасының меңгерушісі Жөнкешов Б.С., кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Бердышева Г.А., Тәуекелова Н.Б., Ашимова З.И., Бердіхан Г.М., Нұрақынов Ә.Н. қатысып, студенттерге қолдау білдірді.
Қатысушылар мегаполис мәселелерін шешудің балама жолдарын ұсынып, пікірталас барысында жоғары академиялық белсенділік танытты. Іс-шара бекітілген жоспарға сай өтіп, қойылған мақсаттарға толық қол жеткізілді.
Ұйымдастырушылар:
Сарсенбаев А.Б., Назарова М.Ш.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник