“Study in Kazakhstan” көрмесі аясындағы кәсіби бағдар беру жұмыстары
2025–2026 оқу жылы аясында ұйымдастырылған республикалық “Study in Kazakhstan” білім беру көрмесіне ТИАШМИИ ҰЗУ филиалы белсенді түрде қатысып, талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Көрме барысында филиал өкілдері Алматы қаласынан бастап Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларын
қамтып, ауқымды ақпараттық-насихат жұмыстарын атқарды. Әр қалада мектеп бітіруші түлектермен кездесулер өткізіліп, оқу орнының білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері, студенттік өмір және болашақ мамандықтардың артықшылықтары кеңінен таныстырылды.
Кездесулер барысында талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар алды. Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы ақпараттық материалдар таратылып, оқу орнына түсу шарттары мен жеңілдіктер туралы толық мәлімет берілді.
Аталған көрме – жастардың сапалы білім алуына жол ашатын, кәсіби бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды алаңдардың бірі болды.
