29 сәуірде 8D081 – Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте қорғау өтті.
2026 жылғы 29 сәуірде сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 – Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Исмагулова Эльмира Советовнаның «Қазақстанның оңтүстік жеміс өсіру аймағындағы грек жаңғағының интродуцияланған сорттарын фитопатологиялық бағалау және оның негізгі ауруларына қарсы қорғау шараларын жасау» тақырыбындағы 8D08104 – «Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D081 – Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің № 5 хаттамасы негізінде Исмагулова Эльмира Советовнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы қаулы қабылданды.




