Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясындағы тағылымды кездесу
2026 жылғы 15 мамырда Алматы қаласы Жетісу ауданындағы КММ №80 жалпы білім беретін орыс тілді мектепте ,кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қожабекова А.Д., т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Давлетова Г.А. және аға оқытушы Есболова М.А. тарапынан мамандық таңдау және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті білім алудың артықшылықтары тақырыбында шағын дәріс өткізіліп университетіміз туралы видеоролик көрсетілді.
Аталған мектептің 10, 11 сынып оқушылары (барлығы 127 оқушы, оның ішінде 54 оқушы 10 сынып, 73 оқушы 11 сыныпта білім алады) бейнеролик көріп, университет ұсынатын түрлі мамандықтар туралы ақпарат алды, оқу мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасу, мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде мәліметтер берілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, QR-код арқылы сауалнамадан өтті және ақпараттық буклеттер алды.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыру және болашақ талапкерлермен тиімді байланыс орнату мақсатында мектеп директоры Байтлеуов Канат Каржаубаевич мырзамен екіжақты меморандум жасалып, өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.
Алдағы уақытта бұл серіктестік аясында кәсіптік бағдар беру бағытындағы бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып, мектеп оқушыларымен тығыз байланыс орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, университетіміздің білім беру мүмкіндіктері мен артықшылықтарын таныстыра отырып, оқушылардың жоғары оқу орнына деген қызығушылығын арттыру көзделеді.
Біз бұл ынтымақтастықтың жас ұрпақтың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беріп, университет пен мектеп арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсетініне сенім білдіреміз.


.jpeg)
.jpeg)
