ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

2026 жылғы 26 мамыр күні сағат 17:00-де Қонаев қаласы, Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақта «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Жастарға ақпарат» атты іс-шара өтеді.
 
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру және талапкерлерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
 
Аталған іс-шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері қатысып, талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау тәртібі және кәсіби мүмкіндіктер туралы ақпарат береді.
 
Өтетін орны: Қонаев қаласы, Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақ
Уақыты: 26.05.2026 ж., сағат 17:00
---------Chatbot---------
виртуальный помощник