Екі дипломдық бағдарлама аясындағы академиялық ынтымақтастық жалғасуда
2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі бекітілген оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, білім беру үдерісі жоспарлы түрде жүзеге асуда. Академиялық сабақтар белгіленген кестеге сай жүйелі түрде жүргізілуде.
Екі дипломдық білім беру бағдарламасы аясындағы академиялық ынтымақтастық шеңберінде Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты Ұлттық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы білім беру үдерісіне белсенді түрде тартылған.
Осы бағытта Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану кафедрасының PhD, доценті Абдусамат Убайдиллаев Нематуллаұлы білім алушыларға кәсіби бағыттағы пәндер бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар жүргізуде.
Өткізілетін оқу сабақтары студенттердің теориялық білімін тереңдетуге, салалық кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және заманауи ғылыми-техникалық бағыттармен танысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халықаралық білім беру тәжірибесін енгізу арқылы білім беру сапасын арттыруға және академиялық ұтқырлықты дамытуға ықпал етеді.
Аталған оқытушының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан сабақтар студенттердің кәсіби даярлығын күшейтіп, олардың болашақ маман ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.


