Филиал студенттері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты рәсімге қатысты
2026 жылдың 4 маусымында Алматы қаласындағы «Медеу» биік таулы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Мемлекеттік Туды салтанатты көтеру рәсімі өтті.
Аталған мерекелік іс-шараға филиал студенттері белсенді түрде қатысып, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет пен отансүйгіштік рухты жоғары деңгейде көрсетті. Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы арнайы дайындалған алаңда көтеріліп, көк байрағымыздың астында жиналған жастар ел бірлігін, тәуелсіздік құндылықтарын және мемлекетке деген құрметін білдірді.
Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихи маңызы мен олардың ел бірлігін нығайтудағы рөлі ерекше атап өтілді. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, патриоттық рухты күшейтетін әсерлі сәттер сыйлады.
Филиал студенттерінің бұл шараға қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сондай-ақ патриоттық тәрбиені күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды. Мұндай іс-шаралар жастардың елжандылық сезімін қалыптастырып, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.


