«ТИАШМИИ» Ұлттық зерттеу университеті студенттерімен кездесу өтті
«ТИАШМИИ» Ұлттық зерттеу университетінің «Гидромелиорация» факультетінің оқу жұмыстары жөніндегі декан орынбасары А. Қорабаевтың жетекшілігімен Қазақстанға келген бір топ белсенді студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушыларға Алматы қаласындағы филиалдың құрылу тарихы, қызмет бағыттары, білім беру бағдарламалары және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, филиалдың материалдық-техникалық базасы, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен студенттердің академиялық және ғылыми қызметке қатысу мүмкіндіктері таныстырылды.
Студенттер филиалдың профессор-оқытушылар құрамымен танысып, білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу жұмыстары және болашақтағы бірлескен жобалар жөнінде мәлімет алды. Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Шара соңында қонақтар филиал қызметіне қызығушылық танытып, көрсетілген ақпарат пен жылы қабылдау үшін алғыстарын білдірді. Мұндай кездесулер екі оқу орны арасындағы ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға және студенттердің кәсіби көзқарасын кеңейтуге ықпал етеді.
.jpeg)

