4 қыркүйекте 8D081 «Өсімдік шаруашылығы» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте қорғау өтті
2026 жылғы 4 қыркүйекте сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 «Өсімдік шаруашылығы» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Маханова Улбосын Медетовнаның «Тұзданған топырақтарды жалаң мия дақылының (Glycyrrhiza glabra L.) көмегімен тұзсыздандырудың биологиялық әдістерін жасау» тақырыбындағы 6D080800 – «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын қорғау өтті.
8D081 «Өсімдік шаруашылығы» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің № 10 хаттамасы негізінде Маханова Улбосын Медетовнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы қаулы қабылданды.