Академиялық ұтқырлық аясында халықаралық дәріс ұйымдастырылды
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті білім беру және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. Академиялық ұтқырлық аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында аталған университетке қарасты «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университеті филиалының 6В08604 – «Су шаруашылығы және мелиорация» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне дәріс өткізілді.
Дәрісті Өзбекстан Республикасынан келген профессор, «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің «Ирригация және мелиорация» кафедрасының меңгерушісі Илхом Бегматов өткізді. «Креативті білім беру – инновациялық оқытуды дамыту жолы» тақырыбындағы дәріс білім беру үдерісін ұйымдастырудың креативтілік пен инновация қағидаттарына негізделген заманауи тәсілдеріне арналды.
Дәріс барысында профессор су шаруашылығы және мелиорация саласы мамандарын даярлауда инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, креативті әдістерді білім беру бағдарламаларына ықпалдастырудың перспективаларын атап өтті.
Дәрістің өткізілуі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университеті арасындағы халықаралық әріптестікті дамытудағы маңызды қадам болды. Сонымен қатар, бұл іс-шара бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.



