«Толық адам — XXI ғасыр адамы» эссе байқауы

«Толық адам — XXI ғасыр адамы» эссе байқауы

2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған пәндік апта аясында орыс тілі секциясы «Тіл — халықтың жүрегі, ұлттың тірегі» тақырыбында байқау бағдарламасын өткізді.
Байқау бағдарламасы аясында ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының идеяларын және олардың қазіргі қоғамдағы маңызын зерделеуге арналған «Толық адам — XXI ғасыр адамы» эссе байқауы ұйымдастырылды.
Қатысушыларға келесі тақырыптар ұсынылды:
    1.    «Актуальность концепции “Толық адам” в XXI веке» (XXI ғасырдағы “Толық адам” тұжырымдамасының өзектілігі»);
    2.    «Язык и “Толық адам”: знание, культура, духовное развитие» («Тіл және “Толық адам”: білім, мәдениет, рухани даму»);
    3.    «Роль образования в формировании полноценной личности». («Толыққанды тұлғаны қалыптастырудағы білімнің рөлі»).
Байқаудың мақсаты — Абайдың идеяларын, сондай-ақ тіл, мәдениет пен білімнің қазіргі адам өміріндегі рөлін зерделеу арқылы рухани-адамгершілік, білімді және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Байқау жеңімпаздары
I орын — Тимурқызы Нурила, ВМ-26-07К тобы.
II орын — Нурахмет Айбек, Вет-16-13К тобы.
III орын — Бектемисова Алия, ЦТ-26-05К тобы.
«Тақырыпты ашудың тереңдігі мен өзектілігі» номинациясы — Ерхан Арай, МШАТ-26-07К тобы.
«Дәлелділігі және авторлық ұстанымы» номинациясы — Жумахан Әділ, Вет-26-12 тобы.
«Шығармашылық көзқарас және жазбаша сөйлеу мәдениеті» номинациясы — Нурмахан Айдана, Вет-26-08К тобы.
Байқауды ұйымдастырушылар: Нурмаханова Ж.М., Тойгулиева А.Б., Бердышева Г.А.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник