KazNARU-да ХАРАССМЕНТ ПЕН КЕМСІТУШІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

KazNARU-да ХАРАССМЕНТ ПЕН КЕМСІТУШІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 18 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Студенттік ортадағы харассмент пен кемсітушілік: құқықтық қорғау және қарсы іс-қимыл тәсілдері» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті.

Іс-шараны университеттің Тәрбие департаментіне қарасты «Harmony» психологиялық қолдау қызметінің психолог-маманы Әлішер Мыңбай жүргізді.

Дәріс барысында студенттік ортада кездесуі мүмкін харассмент пен кемсітушіліктің түрлері, олардың алдын алу жолдары, құқықтық қорғау тетіктері және осындай жағдайларға тап болған кезде әрекет ету тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар жеке шекараны сақтау, өз құқықтарын қорғау және қажет болған жағдайда кәсіби психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кездесу интерактивті форматта ұйымдастырылып, студенттер өмірлік мысалдар мен нақты жағдаяттарға негізделген кейстерді талқылады. Қатысушылар түрлі жағдайларға қатысты өз пікірлерін білдіріп, қауіпсіз әрі тиімді әрекет ету жолдарын бірлесіп қарастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, өзара құрметке негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ университетте қауіпсіз, қолайлы және кемсітушілікке жол берілмейтін білім беру ортасын дамытуға ықпал ету.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник