Орталық туралы

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы референттік орталығы (АӨҚСРО) – «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ ғылыми-зерттеу құрылымдық бөлімшесі.
Орталық ауыл шаруашылығы өнімдерінің, соның ішінде жануар және өсімдіктен алынатын тағам өнімдерінің, құрама жемдер мен жемшөп шикізатының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету саласында референттік зертханалық зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ зерттеу нәтижелерінің ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына (ГОСТ, ISO, Codex Alimentarius) сәйкестігін қамтамасыз етеді.
ОРТАЛЫҚ МИССИЯСЫ
Ғылыми негізделген заманауи зертханалық талдау әдістеріне сүйене отырып, тағам және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына үлес қосу және жоғары білікті мамандар даярлау.
Мақсаттар мен міндеттер
ОРТАЛЫҚ МАҚСАТЫ
Тағам және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы саласында референттік зертханалық және ғылыми-білім беру инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру, инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ ғылым, білім және өндіріс арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту.
ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Тағам және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын заманауи арбитраждық және референттік зертханалық талдау әдістерін қолдану арқылы қамтамасыз ету.
Тағам қауіпсіздігі, биотехнология және агроөнеркәсіптік бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Ғылыми зерттеулер нәтижелері мен инновациялық технологияларды агроөнеркәсіптік кешен тәжірибесіне енгізу.
Тағам қауіпсіздігі, биотехнология және ауыл шаруашылығы салаларында білікті мамандар даярлау және олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ету.
Орталық құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғаларға сараптамалық, консультациялық және аналитикалық қызметтер көрсету.
Орталықтың қызмет бағытына сәйкес ғылыми бағдарламаларға, гранттық жобаларға және халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
Құрылымы
Орталықтың құрылымы
Орталықтың құрылымына 2020 жылғы 16 қаңтардағы №30-жқ бұйрыққа сәйкес «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені үшін кадрлар даярлауға арналған зерттеу зертханаларын құру» жобасы аясында құрылған Сүт өнімдерінің референттік зертханасы кіреді.
Зертхана халықаралық талаптарға, соның ішінде Codex Alimentarius стандарттарына сәйкес сүт және сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау саласында ғылыми-зерттеу, білім беру және өндірістік-практикалық қызметті жүзеге асырады.
Зертхана қызметі келесі негізгі бағыттар бойынша ұйымдастырылған:
- Физика-химиялық бөлім – сүт өнімдерінің негізгі сапа көрсеткіштерін (қышқылдық, тығыздық, ақуыз, май, көмірсулар және т.б.) анықтау;
- Сұйық хроматография бөлімі – антибиотиктер, витаминдер және басқа да биологиялық белсенді заттардың құрамын талдау;
- Микробиологиялық бөлім – сүт өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау мақсатында микроорганизмдерге зерттеу жүргізу;
- Экспресс талдау бөлімі – соматикалық жасушалар санын анықтау және MilkoScan аппараты арқылы сүттің негізгі параметрлерін жедел бағалау.
Зертхана заманауи аналитикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, олардың қатарында:
- соматикалық жасушаларды анықтау анализаторы – Fossomatic 7;
- сүт анализаторы – MilkoScan FT1;
- сұйық хроматография жүйесі – Shimadzu LC-20 Prominence (спектрофотометриялық детектормен);
- азотты анықтауға арналған кешен (Kjeldahl әдісі бойынша, VELP);
- автоматты криоскоп – CryoStar Funke-Gerber (Германия);
- майды анықтауға арналған Сокслет аппараты;
- аналитикалық таразылар (ATX224, ELB2000);
- муфельді пеш, кептіру шкафы, ауа стерилизаторы және термостат;
- pH-метр және басқа да қосымша зертханалық құралдар.
Зерттеудің негізгі бағыттары
1. Өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау
- Ылғалдылық және құрғақ зат мөлшері
-
Май және ақуыз мөлшері
-
Тығыздық және қышқылдық
-
Ақуыз фракциялары
-
Антибиотик қалдықтары
-
Улы элементтер: қорғасын, кадмий, мышьяк, сынап, қалайы
-
Аминқышқылдық құрам
-
Майлар және май қышқылдарының құрамы
-
Көмірсулар (лактоза, глюкоза, галактоза)
-
Витаминдер
-
Макро- және микроэлементтер (Ca, Mg, Fe, Zn, Se)
2. Сүт өнімдерінің фальсификациясын анықтау
-
Мұздату нүктесі
-
Май қышқылдарының құрамы
3. Микробиологиялық қызметтер
-
Жалпы микробтық ластану
-
КМАФАнМ, Salmonella, E. coli, S. aureus
-
Зең және ашытқы саңырауқұлақтары
-
Сүттегі соматикалық жасушалар (экспресс-анализ)
-
Патогенділік пен антибиотикке төзімділікті анықтау
4. Біліктілікті арттыру бағдарламалары
-
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын заманауи зертханалық талдау әдістері
Білім беру және ғылыми ынтымақтастық
Орталық білім алушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік даярлығын жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.
Орталық агроөнеркәсіптік кәсіпорындармен, ғылыми-зерттеу институттарымен және халықаралық ұйымдармен серіктестік негізінде ынтымақтастық орнатады.
Білім алушылар үшін практикалық сабақтар, өндірістік тәжірибелер, тағылымдамалар, ғылыми семинарлар және шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
Білім беру бағдарламалары
• Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
• Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы
• Тағам қауіпсіздігі
• Биотехнология
• Стандарттау және сертификаттау
• Ветеринарлық тағам қауіпсіздігі және технологиясы
• Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Қызметтер
Ғылыми жетістіктер мен жобалар
1. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің НТП ПЦФ жобасы BR24892775 –«Шығарылатын өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тағам өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді және терең өңдеу технологиясын әзірлеу».
(Жоба орындаушысы: Досимова Ж.Б.)
2. 2023–2025 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жобасы –«Иммуномодуляциялық қасиеттері бар биенің сүті негізінде емдік-профилактикалық тағам өнімдерін алу технологиясын әзірлеу».
(Жоба орындаушылары: Досимова Ж.Б., Жүнісбек А.М.)
3. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің НТП ПЦФ жобасы BR22886598 –«Қазақстандық түйе популяцияларының генетикалық әлеуетін арттырудың инновациялық әдістерін әзірлеу, сондай-ақ түйе шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеудің тиімді технологияларын қолдану. Түйе сүтін пастерлеу мен стерилдеудің оңтайлы технологияларын және оның негізінде “Шалап” қышқыл сүтті сусынын өндіру технологиясын әзірлеу».
(Жоба орындаушысы: Досимова Ж.Б.)
4. «Сиыр сүті негізінде функционалдық өнімдер өндіру процестерін жаңғырту» жобасы – ТОО «Байсерке-Агро» серіктестігімен бірлесіп ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған жобаларды гранттық қаржыландыру аясында іске асырылды. Жобаны іске асыру мерзімі: 2019–2021 жылдар. Жоба жетекшісі – Серікбаева А.Д.
5. ҚР АШМ ҒТП ПЦФ BR24892775 жобасы – «Шығарылатын өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тағам өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді және терең өңдеу технологиясын әзірлеу».
6. ҚР АШМ ҒТП ПЦФ BR22886598 жобасы – «Қазақстандық түйе популяцияларының генетикалық әлеуетін арттырудың инновациялық әдістерін әзірлеу, сондай-ақ түйе шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеудің тиімді технологияларын қолдану. Түйе сүтін пастерлеу және стерильдеу бойынша оңтайлы технологияларды, сондай-ақ оның негізінде “Шалап” қышқыл сүтті сусынын өндіруді әзірлеу».
Жоба жетекшісі – Серікбаева А.Д.
Зертхана қызметкерлері аталған жобалардың орындаушылары болып табылады.
Фотогалерея


.jpg)

Қызметкерлері
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы референттік орталығының жетекшісі
Ветеринария ғылымдарының PhD докторы
Сүт өнімдерінің референттік зертханасының ғылыми қызметкері
Химия ғылымдарының магистрі
Сүт өнімдерінің референттік зертханасының лаборанты
Жаратылыстану ғылымдарының бакалавры
