KazNARU

Жыл басы – Наурыз құтты болсын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі енгізілді. Бұл мереке қазақ халқының мәдениеті мен байлығын көрсететін 10 күндік фестивальға айналды.

✅ 14 наурыз – Амал мерекесі.

Университетте «Көрісу күні» аясында қызметкерлер мен студенттер бір-бірімен қауышып, жақсы тілектер айтып, Амал мерекесінің шығу тарихы мен тағылымы туралы түрлі танымдық шаралар өткізіп, бейнероликтер түсірді.

✅ 15 наурыз – Қайырымдылық күні.

«Аялы алақан» клубы, «Шапағат» жастар бірлестігі және барлыұ факультеттердің еріктілері, оқытушылары қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырып, жиналған қаражатты «Алау» балаларды оңалту орталығы, №2 балаларды қолдау орталығы, №7 арнайы мектеп-интернатында, қарттар үйінде мерекелік шаралар ұйымдастырып, сыйлықтар таратылды.

✅ 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

Барлық факультеттерде білім алатын шетелдік студенттер үшін ҚР мемлекеттік орталық музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Күмбірле, қоңыр домбыра!» dombyra party қызықты шарасын өткізліп, оқу корпусының фойесінде күй ойнап, жиналғандарға мерекелік ерекше көңіл-күй сыйлады.

✅ 17 наурыз – Шаңырақ күні.

Бұл күні факультеттерде отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар өтіп, жатақханаларда ауызашар дастархандары жайылды. «Төрлет, төл мереке-әз Наурыз!» тәрбиелік іс-шарасында ұлттық тағамдар, салт-дәстүрлер, ойындар туралы кең ақпарат беріліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.

✅ 18 наурыз – ұлттық киімді насихаттауға арналды. Бұл күні «Дәстүр мен заманауилық тоғысы» тақырыбында ұлттық киімдердің сән көрсетілімі ұйымдастырылып, оқытушылар мен білім алушылар ұлттық киімді насихаттап, челлендж түсірді. Университетімізде білім алып жатқан шетелдік студенттер ұлттық киімдері шеруін өткізіп, Наурыз мерекесімен ана тілдерінде құттықтады.

✅ 19 наурыз – Жаңару күні. Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейді. Бұл күні барлық факультеттердің білім алушылары, оқытушылар құрамы тазалық жұмыстарымен айналысып, ағаш егетін аумақтарды дайындады.

✅ 20 наурыз – «Ұлттық спорт күніне» байланысты университеттің стадионында ұлттық ойын түрлерінен (тоғызқұмалақ, бес тас, арқан тарту, садақ ату, қазақша күрес, асық ойнау) жарыстар өтті. Білім алушылар ұлттық ойындарға қызыға қатысып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

✅ Наурызнама онкүндігінің шеңберіндегі іс-шаралардың мазмұнды өтуіне Тәрбие бөлімі, Жастар ісі жөніндегі комитет, халықаралық офис, барлық факультеттер, дене тәрбиесі және спорт кафедрасы, жалпы білім беру пәндері кафедрасы белсене асталысты.

✅ 21 наурыз күні студенттер «Астана» алаңында қала әкімінің қатысуымен өтетін мерекелік бағдарламаны тамашалауды жоспарласа, 22 наурыз күні университеттің 300 білім алушысы Абай даңғылы бойында өтетін Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін жаппай айту іс-шарасына қатыспақ.

✅ 23 наурыз - «Тазару күнінде» республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Алматы-біздің ортақ үйіміз» қалалық сенбілігіне 250-ден астам студенті тал егіп, тазалық жұмыстарына қатысады.

Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі

#Наурызнама2024 #Наурыз #Мәдениет #Жаңару #наурыз2025

---------Chatbot---------
виртуальный помощник