KazNARU СТАДИОНЫНДА «ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ» КЕҢІНЕН АТАП ӨТІЛДІ
Президент жарлығымен бектілген «Наурызнама» онкүндігінің бір бөлігі ретінде 20 наурыз «Ұлттық спорт күні» ретінде тойланады. Осыған орай, KazNARU Орталық стадионында Ұлттық спорт түрлерінен факультетаралық жарыстар болып өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына KazNARU KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың орынбасары, п.ғ.д., профессор Айтжан Абдыров қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
«Бұл жарыстың негізгі мақсаты – бұқаралық спорттың кең тараған түрлерін, жастардың денсаулығын шыңдау және белсенді өмір салтының маңыздылығын насихаттайды. Біздің университетте Басқарма Төрағасы - Ректорымыз Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының қамқорлығымен студент жастардың түрлі спорт түрлерімен айналысуына барлық жағдайлар жасалған. Спорт кешені күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи спорттық жабыдқат қойылды. Осы сіздер игілігін көріп тұрған Орталық стадионды да қайта жаңырту үшн демеушілеріміз 150 млн теңге қаржы жұмсады. Студенттеріміздің университет намысын халықаралық сайыстарда абыройын асқақатата беруі үшін алдағы уақытта да қолдау көрсете береміз. Бәріңізге жеңіс пен қайсарлық тілеймін!», - Айтжан Мұхамеджанұлы.
Бүгінгі жарысты ұйымдастырушы, Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. Меруерт Тұяқбаеваның айтуынша, ұлтымызда қазақ күресі, садақ тарту, қол күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту т.б. дәстүрлі спорт түрлері өте көп.
Соның ең бастысы Қазақ күресі – ұлттық төл спортымыздың тамыры тереңнен басталатын ерекше түрі. Бүгінгі таңда кең етек жайған самбо, дзюдо, еркін күрестердегі негізгі айла-тәсілдердің көпшілігі қазақ күресінен бастау алғаны дәлелденуде.
Сондай-ақ, аударыспақ: ат спортының бір түрі, ерлік пен шеберлікті талап етеді. Тағы бірі –тоғызқұмалақ: дарындылық пен стратегиялық ойлауды дамытатын ұлттық ойын.
«Біздің университеттің жастары осы спорт түрлерінің бәрімен айналысады және түрлі қалалық, республикалық бәсекелерде топ жарып жүр. Бүгін де жылдамдық пен ептілікті, күш пен түрлі айла-тәсілдерді қажет ететін ұлттық ойын сайыстары өте тартысты және қызықты өтті. Белсенділік танытқан жастарымызға ризашылық білдіреміз», - деп бағалады университеттің Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Асима Ералиева..
Жанкүйерлердің көңіл-қуанышын арттырып, қандарын қыздырып, керемет әсер сыйлаған жеңімпаздар Ректордың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
KazNARU Баспасөз қызметі.