60 КӘСІПОРЫН МЕН КОМПАНИЯ БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰСЫНДЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің АгроХаб кешенінде Алматы қалалық мансап орталығының қолдауымен
бірлескен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Болашақ мамандар үшін өнеркәсіп, аграрлық (ветеринария, инженерлік техникалық, орман, көкөніс, су шарушылығы), көлік логистикалық, бизнес, қаржылық, күштік құрылымдар саласын қоса алғанда 25-тен астам кәсіпорындар мен компаниялардың өкілдері қатысты.
KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың орынбасары, п.ғ.д. Айтжан Абдиров университетіміздің түрлі саладағы ірі компаниялармен, бизнес-қауымдастықпен ынтымақтастығы жыл сайын белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.
«Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыс берушілер мен университет түлектері арасындағы өзара сенім байланыс алаңын орнату арқылы жастарды жұмыспен қамту. Шараға Алматыдағы және қалаға жақын өңірлердегі ірі өндіріс, кәсіпорын орындарының, басқа да сала өкілдерінің кәсіби мамандары келді. Бұл жұмыс берушілер үшін дарынды, білікті мамандарды табуға, ал студенттер үшін мансаптағы алғашқы қадамдарын жасауға керемет мүмкіндік», - деді Айтжан Мұхамеджанұлы.
Мансап орталығының мамандары студенттердің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес, бос жұмыс орындары бойынша ақпараттар ұсынып, мамандықтары туралы насихаттық жұмыстар жүргізді.
Жәрмеңке барысында қатысушылар:
Жетекші компаниялардың HR-мамандарымен тікелей сұхбаттасу;
Әртүрлі салалардағы үміткерлерге қойылатын талаптарды білу;
Резюме тапсыру және алдын ала әңгімеден өту;
Мансап құру бойынша кеңес алу, түйіндеме тапсыру мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шараға қатысып, сөз сөйлеген спикерлер өз салалры бойынша қазақ және орыс тіліндегі буклеттер мен мамандықтардың жалпы мәліметтерін таратып, арнайы видеороликтер көрсетілді.
"Біз еліміздегі жетекші оқу орны саналатын ең үздік KazNARU түлектерінің агросекторды дамытуға әрқашан дайын, білікті кадрлар болатыннына сенімдіміз. Білім мен практика жағынан күшті дайындыққа ие екендіктерін көрсете білген бітірушілерге лайықты жұмыс орындарын қуана ұсынамыз», - деді Қозғалмалы еңбек орталығының басшысы Аман Төрегелдин.
Іс-шара барысында 1000-нан аса студент қатысып, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толықтай жауаптар алды. Бос орындар жәрмеңкесі өзінің тиімділігін көрсетті.
KazNARU Баспасөз қызметі