KazNARU

«Парктер шеруі-2023» және «Тұран жолбарысы»

Бұл шараның басты мақсаты – Іленің Балқаш көліне құятын сағасының биологиялық алуан түрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану мәселелеріне болашақ мамандарды таныстырып, экологиялық білімдерін жетілдіру болып табылады.

Резерват директорының Ғылым мен туризм бойынша орынбасары Ж.Елубай, «Экологиялық ағарту, рекреация және туризм» бөлімінің қызметкерлері С.Абилов пен А.Қалиева осы өңірде, өткен ғасырда Тұран жолбарысының өмір сүргені, олардың биологиялық дамуы, жойылып кету себебі және алдағы уақытта жолбарыстың қайта оралатыны туралы мәлімет берді. Резерват аумағында осыған байланысты жолбарыстың тіршілік ортасын қайта қалпына келтіру мен қоректік базаларын тоғай бұғылары мен құландарды әкеліп, жерсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қызыға тыңдаған студенттерміз, «Іле-Балқаш» резерват аумағына оралғалы жатқан жолбарыс, әкелінген дала аңдары туралы және де өндірістік тәжірибе өту мүмкіндіктері жайында сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Студенттермен кездесуден кейін, Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватынан келген өкілдер Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректордың орынбасары – Провост м.а., экономика ғылымдарының кандидаты, профессор А.Е.Қайырбаевамен кездесті. Кездесу барысында Университет пен Табиғи резерват арасындағы кәсіптік практика өткізуге арналған 2021 жылғы келісім-шарт негізінде өткізіліп жатқан және келесі оқу жылдарында болатын тәжірибелерді жоспарлау мәселелері қаралды. Және де болашақта дуальды оқыту нақты өндірісте практикалық білім, біліктілік пен дағдыларды меңгеруді жетілдіру мәселесі қозғалды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник