KazNARU

24 қаңтарда 8D081 Өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті

2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 14:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 - Агрономия; 6D080900 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 - Агрономия; 8D08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Ахылбекова Балжан Ахметбекқызының «Ақмола облысы, Аршалы ауданы далалық аймағының жайылымдарында шөп отының қалыптасуына мал жаюдың әсері» тақырыбындағы «6D080100 – Агрономия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау өтті.

8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №3 хаттамасы негізінде Ахылбекова Балжан Ахметбекқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.