KazNARU

Кафедра оқытушылары Наурызбай ауданында

01.03.2024ж. Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы «№206 мектеп -гимназиясының» 11 сынып бітіруші түлектеріне “Су ресурстары және мелиорация” кафедрасы профессор-оқытушы құрамының профессоры А.Т. Тлеукулов, аға оқытушысы Е.К. Әуелбек, PhD докторлар Қ.Жанымхан, Ұ.Қ. Оңласын кәсіби бағдар жұмысын жүргізіп қайтты. Іс –шара барысында мектеп оқушыларын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, ауыл шаруашылығы мамандықтарының маңыздылығын түсіндірді. Алдағы уақытта «Ашық есік» күнін ұйымдастырып оқушылардың қызығушылығын арттыруға жұмыстар жүргізілетіні жайлы мектеп басшылығымен келісілді.

Әуелбек Е.К.,Оңласын Ұ.Қ.

"Су ресурстары және мелиорация"

кафедрасы