KazNARU

«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы Ахметкеримова Г.Е. ұйымдастырған «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» атты әдеби кеш

«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы Ахметкеримова Гульнура Елеусізқызы 2024 жылдың 12 ақпан күні КД-21-12К және КД-21-13К кураторлық топтарының білім алушыларымен бірге ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Кеш барысында білім алушылар Анарбай Назира “Қазақстан”, Мырзан Жанерке “Ей,өлең”, Алимкулов Данияр «Поэзия! менімен егіз ба едің?», Қуантаев Фархад «Мен таулықпын» атты поэзиялық шығармаларын нақышына келтіріп орындап, жиналған көрерменнің қошеметіне бөленді. Кеш жүргізушілері Сатыбалдиев Нұрқадыр мен Жұмалиева Ақгүл Мұқағали Мақатаевтың өмірдерегін оқи отырып көрермендерге тың ақпараттар берді. Естеу Жұмағали ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты әртүрлі қызықты викориналық сұрақтар қойып, тыңдармандардың қызығушылығын тудырды. Әкім Нұрсая ақынның өмірі мен туындылары жайлы бейнеролик дайындап, көпшілікке көруге ұсынды. Кеш көрермендері «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға Есенова Нұрайдың мұзбалақ ақынның жастық кезеңдерін, отбасы, туындаларын қамтып жасаған слайды ұнады. Сонымен қатар, өнерлі жастарымыз «Есіңе мені алғайсың» әні мен «Ерке сылқым» күйін шертіп, көрерменге керемет көңіл - күй сыйлады.