KazNARU

Кәсіби бағдар

90-жылдық тарихы бар еліміздегі алғашқы жоғары білім ордаларының бірі болып табылатын Қазақ ұлттық агралық зерттеу университетінің бүгінгі таңда еңсесі биіктеп, мәртебесі жоғары екендігі айдан анық. Үкімет қаулысымен университетке «Зерттеу университеті» мәртебесі берілгендігі мақтан тұтарлық.

Университеттегі «Агробиология», «Ветеринария», «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы»,  «Инженерлік – техникалық», «Су, жер және орман ресурстары», «Бизнес және құқық жоғары мектебі» факультеттерінде  өз бағытарына сәйкес, арнаулы білім беру бағдарламалары қалыптасқан. Болашақ мамандар агроөнеркәсіптік кешен, IТ-технология, энергетика, логистика, орман, жер, су, табиғат ресурстарын пайдалану, бизнес және басқару салалары бойынша жоғары білім алып шығады. Және өз қалауынша әлемдік стандарттарға сай үш деңгейде (бакалавриат, магистратура және докторантура) жүйесінде, оқуға түсу үшін таңдау пәндері бойынша қандай білім беру бағдарламасына түсуге болатындығын «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының э.ғ.д., профессор Абаева Курманкул Тулеутаевна, аға оқытушы Жорабекова Жадра Тузелбаевна, 7М08301 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», МОЗ-22-02П Сламбаева Адина Болатовна, М08301 -«Аңшылықтану және аң шаруашылығы», ОЗ-21-07К Тұран Шыңғыс Мұхтарұлы 2024 жылдың  12 ақпаннан 23 ақпан  аралығында Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Түркістан облысының Қазығұрт ауданы және жақын аудан орталықтарына  жүргізген кәсіби бағдар беру жұмыстары туралы айта кету керек.

Ерекше атап өтерлігі – Түркістан қаласы, Түркістан облысының 17 аудандарында 1049 мектеп, 35437 мектеп бітіруші түлектер оқиды екен.

  -Шымкент қаласының білім басқармасы ММ - Басқарма басшысы Шамшиева Н.А.;

  -Түркістан қаласының білім бөлім» ММ - Бөлім басшысы Қолдасова О.Ш.;

  -Түркістан облысының білім басқармасы ММ - Басқарма басшысының м.у.а. Маханбетов Ж.М.

Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімі ММ - Бөлім басшысы м.а. Б.Жакиповпен ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМДЫ жасалды.

Басқарма Төрағасы–Ректоры А.Қ. Күрішбаевтың «ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – KazNARU» атты мақаласы

1. «Ленгер» жаршысы қоғамдық-сараптамалық, ақпараттық-танымдық  газетінде, №8 (969) 16 ақпан 2024жыл;

2.«Шамшырақ»Түлкібас аудандық қоғамдық-саяси газеті, №7(10508)16 ақпан 2024 жыл;

3. «Отырар» өркениеті аудандық қоғамдық-саяси, ақпараттық- танымдық апталық газеті, №8 (446) 20 ақпан 2024жыл;

4. «Төлеби таңы» ақпараттық- танымдық газет, №6 (314) 21 ақпан 2024жыл;

5.«Қазығұрт» тынысы қоғамдық- саяси апталық газеті, №9 (8228) 23 ақпан 2024жыл;

6. «Сарыағаш» аудандық қоғамдық-саяси газеті, №8 (11944) 23 ақпан 2024жыл;

7. «Мақтаарал» аудандық қоғамдық- саяси газеті, №9 (9238) 23 ақпан 2024жыл;

8. «Созақ» үйі аудандық қоғамдық- саяси газеті, №16 (9183) 24 ақпан 2024 жыл;

         9. «Төле би таңы» ақпараттық- танымдық газет, №7-8 (316) 26 ақпан 2024ж;

        10. «Кентау» қалалық апталық қоғамдық- саяси газеті, №09 (8394) 1 наурыз 2024ж;

        11.«Арыс» №8-9 (6419) 8 наурыз 2024жыл жарық көрді.

Тағы да осы мақала 2024 жылы 8 наурыз күні Шымкент қаласынан, Шардара аудандық және Түлкібас аудандық газеттерінен жарық көреді.

 

 

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник